ҚР Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болуға шақырды. — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚР Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болуға шақырды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына үміткерлерге үгіт -насихат жұмыс жоспарына сәйкес, департаментке карасты №67, мекемесінің қызметкерлері Жамбыл облысы Тараз қалалық орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен үгіт насихат жұмысы негізінде жиын өткізілді. Жиын барысынды болашақ 2025 жас түлектерге ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсудің негізгі шарттары, дене шынықтыру нормалары түсіндіріліп, ҚР Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болуға шақырды.Олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қылыш Аңламасұлы  оқушыларға құқық қорғау саласының маңыздылығы туралы айтып, Академияға түсу шарттарымен таныстырды. Сондай-ақ, оқу орнының мүмкіндіктері, болашақ мамандықтар және курсанттардың күнделікті өмірі туралы ақпарат берілді.
Оқушылар Академияға түсуге қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Қ.Аңламасұлы әрбір сұраққа нақты жауап беріп, құқық қорғау органдарындағы қызметтің артықшылықтарын түсіндірді.
Бұл кездесу жастарға кәсіби бағдар беруде маңызды рөл атқарып, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді деген ойдамыз. Құқық қорғау саласы – қоғам қауіпсіздігі мен әділеттілікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратын жауапты қызмет. Осындай кәсіби бағдар беру кездесулері түлектерге нақты бағыт-бағдар беріп, олардың қызметтік мансап жолында дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.Бұл сала қоғамның қауіпсіздігі мен әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке тұру үшін келесі негізгі талаптар қойылады:
1.Жас шегі: Қызметке 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2.Білім деңгейі: Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына кемінде орта білім қажет. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары білім талап етіледі.
3.Денсаулық жағдайы: Үміткерлер медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі тиіс.
4.Моральдық және іскерлік қасиеттері: Үміткерлердің жеке, моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттері лауазымдық міндеттерді атқаруға сәйкес болуы қажет.
5.Соттылығының болмауы: Құқық қорғау қызметіне бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар қабылданбайды.
Құқық қорғау қызметіне қабылдау конкурстық негізде немесе құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу үшін үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде қабылданады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңінде киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі.  
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты маңызды міндеттерді орындайды. Жиын соңында Қ. Аңламасұлы бұл қызмет жоғары жауапкершілікті, адалдықты және кәсібилікті талап ететінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.