A place where you need to follow for what happening in world cup

Ел алғысына бөленді

199

Жақында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» атты жастар акциясы өтті. Акция аясында Б.Момышұлы ауылындағы Қазыбек би көшесінің тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Ф.Нұрпейісованың ауласын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, қайырымды, мейірімді, жанашыр болуға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Акцияға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері Құрбан Әбдір, Элмира Сүйінбаева, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның тәлімгері Лаура Қалдарбекова және белсенді, ерікті жастар қатысып, өз еріктерімен үлкенге құрмет көрсетуге ниетті екендіктерін жеткізді. Шара барысында аталған көше тұрғынының ауласын қардан тазалап, үй шаруасына да көмек көрсетілді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Негізінен ерікті жастар ауданда, өңірлерде түрлі өмірдің қиын жағдайына тап болған жастарға, жалғызілікті қарияларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолғабыс ету, шаруаларына көмек көрсету шараларымен айналысады.
Жоспар бойынша шараларға түрлі ерікті жастар қатысып, өз өтініштері негізінде отбасыларға көмек қолын созатын болады. Осы орайда, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінен «Еріктілер» клубы құрылған болатын. «Еріктілер» клубының құрамында №16 Жуалы колледжінің білімгерлері де бой көрсетіп, өз өтініштері негізінде көмекке мұқтаж отбасыларына көмек көрсетіп жүр. Осындай азаматтарға тұрақты түрде қайырымдылық шараларын жүргізуге Жуалы жастары әрдайым дайын.
Дана халқымыз «Қайырымдылық жасау – үлкен парасаттылықтың белгісі» деп бекер айтпаса керек. Осы орайда аудан жастарын қайырымдылық шараларын көбірек жасауға шақырамыз.

Элмира Сүйінбаева,
Б.Момышұлы ауылының
жастар ісі нұсқаушысы

Жуалы ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.