A place where you need to follow for what happening in world cup

Медициналық қызмет сапасы арта түседі

23

Халыққа қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелері сапалы қызмет көрсетіп, қауіпсіздік талаптарына сай болу үшін медициналық жабдықтар мен технологияны үнемі жаңартып отыруды маңызды. Медициналық аппараттардың жай-күйі диагноздың дәлдігіне, емдеу сапасына және емделушілерге тікелей әсер етеді.

Заманауи технологиялар мен инфрақұрылымсыз адамдардың өмірі үшін күресіп, емделушілердің денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан медициалық құрылғыларды уақтылы жаңартып отыру – денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Перизат Үмбетәлінің айтуынша, аймақтағы медициналық мекемелердің жабдықталу деңгейі бүгінде 92,6 пайызды құраған. Өңірдегі емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтардың тозу деңгейі өткен жылы 35,88 пайызға тең болса, биыл бұл көрсеткіш 35,67 пайызға төмендеген.

 – Биыл облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының шығыстарына 6,1 миллиард теңге бөлінсе, оның 4,6 миллиард теңгесі материалдық-техникалық базаны жақсартуға арналған. Бұл қаражатқа облыстағы емдеу мекемелеріне 38 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ ауруханалар мен емханаларға қажетті мың моноблок пен басқа да құрал-жабдықтар алынды.

Сондай-ақ, жергілікті медициналық мекемелерге 68,9 миллион теңгеге 16 түрлі медициналық құрал-жабдық пайдалануға берілді. Нақтылап айтқанда, сандық рентген аппараты, портативті ультрадыбыстық аппараттар, ЭЭГ, гинекологиялық креслолар, дефибрилляторлар, алты арналы ЭКГ, экспресс анализаторлар және басқа құрылғылар алынды,  – дейді Перизат Жолдығұлқызы.

Облыста емделушілер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ медицина деңгейін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар қабылдануда.

Жамбыл облысының әкімдігі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.