A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз қаласында «Baqytty otbasy» орталығы ашылды

340

Таразда бір күнде 100 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. «Nur Оtan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ашылған орталық Жамбыл облысының 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мақсатында іске қосылды. Мақсаты – облыстағы осал топтағы отбасыларға барлық бағытта кешенді көмек көрсету.

Халыққа қызмет көрсететін кешеннің  лентасын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде қиды. Өңір басшысы өз құттықтау сөзінде осал топ өкілдеріне озық үлгіде қызмет көрсететін орталықтың табысы төмен отбасыларға да тиімді ұсыныстар бары қуантатынын жеткізді.

Фото zakon.kz

Кешен 4 бағытта жұмыс істейді. Алғашқы бағыты — психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес. Сондай-ақ, мұнда «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру, жұмыспен қамту шараларын қамтамасыз ету және жомарт жандардың қайырымдылық көмектерін ұйымдастыру шаралары жүзеге асады.

Бұдан бөлек, орталықтағы психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен медиаторлар керекті көмектерді көрсетеді. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие, қайта даярлау және жұмысқа орналасу, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар төлеу мәселелері бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Фото zakon.kz

Аймақ басшысы осындағы арбаға танылған адамдардың алғыстарын естіп, олардың осы орталықтың ашылғанына шын шаттанып, көңілдері қуанғандарына куә болды.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша табысы төмен отбасыларға «Казақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 2 пайыздық ипотекалық несие алуға көмек көрсетіледі. Бүгінде облыста 32,6 мың көпбалалы, 15 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмекке зәру отбасылар және мүмкіндігі шектеулі 45,9 мың адам бар. Бастапқыда бір күн бойы 30-дан аса адамға қызмет көрсетеді деген кешен 100 адамды қабылдауға қауқарлы.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.