A place where you need to follow for what happening in world cup

Елді игілікке шақырған шара

227

Сарысу ауданы Жайылма ауылдық мәдениет үйінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов мен Жайылма ауылдық округінен сайланған аудандық маслихат депутаты Болатбек Дондаұлы халықты мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ сөз, Сарысу ауданының бас имамы Ғалымжан Қонақбаев пен ауылдық ардегерлер кеңесінің төрағасы Серікбек Сатқынтегі халықты құттықтап, алғыстарын білдірді.
Кеште мектеп оқушылары Қарақат Дүйсенбекова «Аяулы ана», Диана Өмірзақ «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек», Назым Байдүйсен «Қазағым» әндерін жанды дауыста орындап, халықтың қошеметіне бөленді.
Көктемнің алғашқы күні ауылымызда жақсы бастамалармен басталуда. Олай демеуіміздің себебі, «Ысқақ Пірәдар» мешітінің ұйымдастыруымен «50 мың кімге бұйырады?» атты сұрақ — жауап ойынымен мерекелік кешіміз жалғасын тапты. Ойында Қазақстан Мұсылман Діни басқармасының бекіткен кітаптарынан сұрақтар қойылды. Ойынға, қатысқан көптеген ауыл тұрғындары сұрақтарға жауап беріп — бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар ата-ана Ғазиза Мамасейтова 100 000 теңге, Шолпан Қуанышбекова 100 000 теңгеден иеленсе, 6 сынып оқушысы Балауса Нарбота 50 теңге және 3 оқушы бала — әр қайсысы 10 000 теңгеден ақшалай сыйлық ұтып алды.
Түстен кейін «Ысқақ Пірәдар» мешітінде, аудандық мешіттің өкілдерінің қатысуымен Нүсіпбек Бауыржан ұстаздан дәріс алған 20 шәкіртінен емтихан алынды. Емтиханға дұрыс жауап берген — Бейсенбек Оралхан бірінші, Нәшентай Нұрай екінші, Берік Нұрислам үшінші, Жақыппар Нұрсұлу төртінші, Жақыппар Сәбина бесінші орындарды иеленіп ақшалай сыйлықтарға және қалған қатысушылар ынталандыру заттай сыйлықтарымен марапатталды.
Осы ойынды ұйымдастырған «Ысқақ Пірәдар» мешітінің найб имамы, әрі ұстаз Нүсіпбек Бауыржан және демеушілік жасаған ауылымыздың тумасы, Шымкенттік кәсіпкер Сүйінбаев Естай Төлеутайұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.