A place where you need to follow for what happening in world cup

Келелі кездесуде маңызды мәселелер қаралды

188

Ұлтаралық татулық пен келісім – біздің, Қазақ Елінің басты құндылығы.
Егемендік алған жылдар ішінде біз өзімізде тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайтып келеміз.
Бірлік болмаса, бейбітшілік пен келісім болмаса өлшеусіз термен, қыруар қажыр-қайратпен жасалып жатқан елімізді өркендету жолындағы еңбектің бәрі де бекер екенін баршамыз білеміз.
Осы орайда, бүгін ауданымызға тұрғындар арасында аудандағы саяи ахуалды зерделеу мақсатында  Ш.Уәлиханов атындағы меткеп гимназиясында кездесу өтті.
Кездесуге аудан тұрғындарымен қатар аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова,  «Nur Otan» партиясы Сарысу  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев, Сарысу ауданының прокуроры Аслан Әбілдаев, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, зейнеткер Дәулетбаев Жақсыбек Ысқақұлы, Қырғыз этномәдени орталығының мүшесі Алтай Сәтібеков, «Nur Otan» партиясы Сарысу  аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы Самат Тоқбанов қатысты.
Осы кездесуде аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбеков Қордайда орын алып жатқан оқиғаға байланысты тоқталып, барлық ұлтта бір тентек болатынындай, бұл оқиғаны тек ұлтараздық оқиға деп қарастыруға болмайды. Мұны түсінбеушіліктен туындаған мәселе ретінде қарап, еліміздегі достық, ынтымақтастық, бірлікті сақтай білуіміз керек.
Қашанда татулықты ту еткен халықпыз, бұл жолы да сыннан сүрінбей өтіп, тек жақсылықтарды күтейік, -деп көпті достық , татулыққа шақырды.
Сондай-ақ, осы басқосуға қатысқан тұрғындармен сұхбаттасқанымызда 2 шағын аудан тұрғыны Гүлзада Ақылбекқызы: — Жаңатас қаласындағы бұзылған ғимараттар орындарын тазалап, тегістеуге қолдау көрсетсеңіздер. Бұл өз кезегінде қала тазалығы мен тұрғындардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қала көркін жақсарта түсер еді. Осы жұмыстарды атқаруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, көмек көрсетілсе?,-деген ойын жеткізді.
Сонымен қатар, Алтай Сатыбеков өзге ұл өкілдерінің қазақ тілін туған тіліндей құрметтеп, салт-дәстүрлерінің де бойға сіңіп кеткенін айтып, өз жадынан туған «Қазақ тілім- құрметім» атты жыр шумақтарын тарту етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.