Әрбір өркениеттің, діннің және халықтардың жер бетінде өзіндік орындайтын міндеттері бар. Қазақстанның Түркі мемлекеттері, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым-қатынас қалыптастыруы — ел тыныштығының кепілі.
Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша халықтар арасындағы келісімге негізделеді. Осындай өзекті мәселелер алдында Қазақстанның беті ашық, жүзі жарқын деуге әбден болады. Қазақ елінің тағдыры тауқыметке толы болғанмен, ешқашан өзгені өзегінен теппеген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.
Президентіміз Қ.Тоқаевта этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді.
Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесулерінде де есептік жиынында да «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деп, елдің бірлігі мен татулығын сақтау туралы мәселені басты орынға қойды.
Расында да бұл – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды және тәуелсіздіктің негізі.
«Бірлік түбі береке» екенін баршамыз білеміз. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбішіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты.
Осыған орай аудандағы саяси ахуалды зерделеу жұмыстары Шоқан Уәлиханов мектебінен соң, Жаңатас көпсалалы колледжінде жалғасын тапты.
Онда аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханованың төрағалығымен колледждің білімгер жастары мен тұрғындар топ мүшлеріне өз ойларында жүрген сауалдарын қойып, еркін пікір алысты.
Осы жиынға келген көпбалалы ана Айсұлу Меңлібаева:
– Қала аумағындағы ірі өндіріс орындарының бірі болып саналатын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қызметкерлеріне қазіргі тұрғын үй заңдары бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Осыған орай, оларға арнайы бағдарлама жасап, ипотекамен үй алуларына ықпал етуге бола ма? – деген сауалымен бөлісті.
Сонымен қатар жиналғандар тарпынан достық, бірлік тұрғысындағы ойлары ортаға салынып, пікірлері тыңдалды.