A place where you need to follow for what happening in world cup

9 мамыр – Жеңіс күні! Мәңгі есте қалған күн!

1 220

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы және мекеме басшылары Тараз қаласы “Жеңіс саябағында” мерекелік іс- шараға қатысып Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып тағзым
етті ! Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекеме бастығы Бауыржан Абуұлы — «Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ»- деді, яғни
1941 — 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды. Жеңістің туы мәнгі көкте желбіресін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.