A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылған

737

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.

Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген партия облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов фракция мүшелерінің басты мақсаты – өңірдің өркендеуіне, партияның алдағы 2027 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасы және сайлау науқанында халықтан түскен аманаттардың орындалуына барынша ықпал етуі болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосу да негізгі мүдде екенін тілге тиек етті.

Мұнан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл облысының әкімдігі «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етіп, орындалу барысын баяндады. Оның сөзінше, бағдарламада «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бастап 22 ауылдық округ енгізіліп, 2,5 пайыз бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жоба қаржыландырылу көзделген болатын. Дегенмен биыл 18,9 млрд теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылыпты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.