A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастар ғылымды алға оздырмақ

31 484

Ғылымды трендке айналдыру – заман талабы болуы керек. Осы орайда мемлекеттен ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе жас ғалымдардың идеяларын өнертабысқа енгізу мақсатында ілкімді істер қолға алынуда. Әр өңірдің, өмірлік мәселесіне айналған жағдайларды шешу үшін жастардың ойларын тиімді пайдалануға болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өтті.

Коммерцияландыру бөлімі 18-19.10.2023 белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына Университеттің 18-35 жас аралығындағы студенттері, магистранттары, докторанттары және жас оқытушыларының қатысуы үшін Startup жобаларының ішкі байқауын өткізді.

Startup жобаларының ішкі байқауы келесі бағыттар бойынша өтті:

  1. Ғылым
  2. Өнер
  3. Ақпараттық технологиялар
  4. Бизнес
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары
  6. Жастар ұйымдарын қолдау
  7. Ауыл жастарының бастамаларын қолдау.

Startup жобаларының ішкі байқауында Университеттің 18-35 жас аралығындағы студенттері, магистранттары, докторанттары және жас оқытушыларының 27 жобаны қорғады. Startup жобаларының ішкі байқауында коммиссияның шешімімен келесі 12 қатысушылар Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырып отырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына келесі бағыттар бойынша ұсынылды.

Бизнес

  1. Жарылқасын Дана
  2. Абдраманова Назира
  3. Мұса Нұрдәулет

Ақпараттық технологиялар

  1. Сейдазимов Айбек, Исламов Дінмұхаммед, Ашимбеков Асылбек
  2. Хаиров Ратмир
  3. Бекболатов Самат

Ғылым

  1. Әбиден Қанат, Нурбердиев Алимардан
  2. Лес Адилет, Бадаева Эльмира, Бегалы Мерей

Бұқаралық ақпарат құралдары

Ернар Махмут

Жастар ұйымын қолдау

Аруна Нүркенова

Ауыл жастарының бастамаларын қолдау

Ғалия Қуатова

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.