A place where you need to follow for what happening in world cup

Дулати университетінде «Орталық Азия су секторының адами әлеуетін дамыту» тақырыбындағы ERASMUS+ жобасы іске қосылды

228

Дулати университетінде «Климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру және тұрақты дамуды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін Орталық Азияның су секторының адами әлеуетін дамыту» (HWCA) бойынша ERASMUS+ жобасы өз жұмысын бастады.

Дүние жүзіндегі халық санының өсуіне байланысты ЮНЕСКО алдағы 30 жылда жаһандық суды тұтыну жыл сайын 1%-ға артады деп болжайды.

Қазақстан суға тәуелді ел болғандықтан бұл мәселе біз үшін де өзекті. Сондай-ақ бұл проблема бүкіл Орталық Азия аймағын алаңдатып отыр.

Орталық Азиядағы су ресурстары негізінен мұздық су мен климаттың өзгеруіне тікелей тәуелді жауын-шашын көлемі есебінен қалыптасады.

Осылайша, биыл Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанда суаруға ғана емес, ауыз суға да бұрынғы жылдары болмаған су тапшылығы байқалды. Мәселені шешу үшін бейбіт жолдары қарастырылуда. Орталық Азия елдері арасындағы су ресурстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

2023 жылы университет 101082976 – HWCA – ERASMUS-EDU-2022-CBHE «Климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру және тұрақты дамуды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін Орталық Азияның су секторының адами әлеуетін дамыту» (HWCA) жобасы бойынша грант ұтып алды. Жоба Орталық Азияның су секторында соңғы онжылдықта мәселелерді шешуге және тиімді қарсы тұруға көмектесетін шараларды қолға алған. Сондай-ақ, климаттың өзгеруі және су тапшылығын шешу мақсатында, жас буынды білікті маман ретінде даярлау үшін халықаралық байланыстар нығая түсуде.

Бұл жоба су ресурстарын кешенді басқаруды ілгерілету, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және жеке инвестициялар мен халықаралық көмекті тиімді жұмылдыру мен пайдалануға қол жеткізу үшін қажетті әлеуетті арттыруды көздейді. Жобаның мақсаты су дипломатиясының дамуына қолдау көрсету болып табылады.

Жоба мүшелері Еуропалық Одақтың 3 университеті. Атап айтқанда, Делфт су саласы білім беру институты IHE (Нидерланды), Бергамо университеті (Италия), Реймс Шампан-Арден университеті (Франция) және Орталық Азиядағы 15 университет. Бұл жобаның құны 800 мың еуроны құрайды.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Дулати университетіне Еуропалық Одақ университеттерінің мониторингтік тобы келді. Делегация құрамында Бергамо университетінен (Италия) Буглью Елена мен Д’Анжело Лариса, Реймс Шампан-Арден университетінен (Франция) Деруэн Жан-Пол болды, делегацияны Делфт су институтынан Серинг Мод Дженнифер басқарды. Делегация университет басшылығымен кездесті, сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдерімен, Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты базасында осы жоба бойынша оқу орталығының салтанатты ашылуы өтті.

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.05 2

WhatsApp Image 2023 10 19 at 12.40.52

WhatsApp Image 2023 10 19 at 12.40.52 1

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.05 4

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.05 5

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.39

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.05 3

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.39

WhatsApp Image 2023 10 19 at 11.58.05

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.