A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің нұсқамасы орындалды

173

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Сарысу сулары» ШЖҚ КМК-на (бұдан әрі-Кәсіпорын) нұсқама енгізілді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.
Мониторинг нәтижелері бойынша кәсіпорын жасыл белдеуді тамшылатып суару және су қоймаларының ғимаратына мұнаралар орнатуға қызметтерін ұсынуға мемлекеттік келісімшарт жасап, Департаменттің тиісті келісімін алмағаны анықталды.
Осыған байланысты, Департамент Кәсіпорынның атына бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің болуы мен монополияға қарсы органның қорытындысын алмай, қызмет түрлеріне келісімшарт жасау практикасын тоқтату жолымен оларды жою қажеттігі туралы нұсқама жолданды.
Бүгінгі күнге, нұсқама толық көлемде орындалды.

Мерей Жанат,

департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.