A place where you need to follow for what happening in world cup

Тергеп-тексеру тағайындалды

119

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не және «Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не (бұдан әрі – Мекемелер) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады.
Атап айтқанда, 2022 жылдың ақпан айында Департаментпен мемлекеттік сатып алу порталына мониторингілеу барысында Мекемелерге мемлекеттік сатып алуда нарық субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектеу бөлігінде, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласында бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама жолданған болатын.
Департаментпен мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу кезінде жоғарыда аталған Мекемелермен 2022 жылғы наурыз – шілде айларында мемлекеттік кәсіпорынмен шарттар жасасу кезінде заң бұзушылықтарға қайта жол берілгендігі анықталды, аталғандардың негізінде Департамент тергеу рәсімін бастады.

Бағжан Әділбек,

департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.