A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не қатысты хабарлама жолданды

128

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жеке тұлғадан «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің әрекеттеріне қатысты өтініш келіп түскен болатын.
Аталған өтінішті қарау барысында Серіктестікке сұрау хат жолданып, алынған мәліметтерді зерделеу барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және кәдеге жарату қызметтері үшін негізсіз төлем ұсынылғаны анықталды.
Серіктестік ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабымен қарастырылған үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттер жасағандығы байқалды.
Осыған орай, Департамент Серіктестікке абоненттерге ҚТҚ жинауға, әкетуге және кәдеге жарату қызметтері бойынша негізсіз шот ұсынуын тоқтату туралы хабарлама жолданды.
Хабарлама толығымен орындалды.

Ғалымжан ЕРМЕК,
департаменттің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.