A place where you need to follow for what happening in world cup

Бірлік күні аталып өтілді

198

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталғандар арасында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» мерекесі аталынып өтті.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты мәдени спорттық іс-шара Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде <<1- мамыр Қазақсатан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің қызметкерлері мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес шаруашылық жасағына қалдырылған және оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандармен спорттық іс-шарасы өткізілді. Бұл іс шарада сотталғандар арасында аралас ұлт өкілдері бар, яғни осы ұлтаралық бірлік күніне сотталғандар ішінде әр ұлттың тұлғалары өздерінің тілінде патриоттық өлең шұмақтарын және мәдени салт дәстүрлерін, өз ұлттарының әнін жырлап, сол ұлттың тілінде мереке күнін құтықтап айтып өтті. Сонымен катар сотталғандар екі топқа бөлініп, яғни қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту, қол курес және волейбол, турникке тартылу және шахмат ойыныдарынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларга белсенді қатысқан және жарыста жеңімпаз тобының сотталған азаматтары мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жарияланып бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ қашанда бауырмал халык, әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген жат-жұрттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жейтін қазақ елі байрағы берік болсын! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасын, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік жасай берсін!
Осылайша № 67 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында 1- мамыр бірлік күнін өткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.