A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған тың жоба

374

Өңірде «AMANAT»  партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауыл азаматтарын оқыту басталды.

Бүгінде елімізде несиесін өтей алмай жүргендердің қарасы қалың. Банктерге берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрғандардың ішінде ауыл тұрғындары көп. Оның басты себебі, халықтың қаржыны тиімді жұмсамауы. Сондықтан «AMANAT»партиясы«Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында  проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.

Осы аптада облыстың 8 ауданында 470 азамат алғашқы оқуларын бастады. Оқу әр аптада 1 топты (топта 50-60 адам) қамти отырып, 7 ай бойы жүргізіледі.Жоспарға сәйкес Жамбыл облысында 10 мыңнан аса адамды қамту көзделіп отыр.

Мәселен, аталған жоба Байзақ ауданында да өтуде. Ауданның 50-ден астам тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттыру курстарынан өтуде.

– Жоба аясында білікті бизнес-тренерлер отбасылық қаржыны тиімді жоспарлау туралы пайдалы кеңестерімен бөліседі. Сондай-ақ, банктермен келісім-шартқа отырғанда ескеру қажет мәселелерді кеңінен түсіндіреді.  5 күндік курс барысында жобаға қатысушылар бизнес-жоспар жазуды меңгеруге де зор мүмкіндік алып отыр. Бұл өз кезегінде, енді ғана кәсіп бастап отырған азаматтарымыз үшін тиімді. Мамандар бизнес-жоспарды үйретіп қана қоймай, бірлесе бастаған жұмыстарын жыл соңына дейін сүйемелдейтін болады. Әрине, теңгесіне емес «тегін».

Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпараттар беріледі.  Сонымен қатар жоба қатысушыларымен заңгерлер де жұмыс жасап, кеңес беретін болады. Қорыта айтқанда, бұл жоба ешкімнің несиесін жауып бермейді! Дегенмен қолда бар қаржыны тиімді жұмсап, банк алдындағы берешегі бар азаматтарды қарызынан құтылудың жолдарын айқындап береді, – дейді «AMANAT»  партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасыДауыл Бейсенқұлов.

Ауыл тұрғындарын «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту Қауымдастығының аймақтағы білікті бизнес-тренерлері оқытуда. Бүгінгі күні білгенімен бөлісіп жатқан тренерлер де осыған дейін «AMANAT»партиясының бастамасымен біліктілікті арттыру және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру курсынан өткен.

– Жасыратыны жоқ, ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығы төмен деңгейде. Сондықтан қолдағы қаржыны тиімді пайдалана алмауда. Осының нәтижесінде олар банктерге берешегі бар және борышкерлер тізімін толықтыруда.

Жоба аясында біз отбасылық қаржыны тиімді жұмсау жоспарларын, банктермен келісім-шартқа отырғанда ескеру қажет мәселелерді кеңінен түсіндіреміз. Сондай-ақ, курс барысында бизнес-жоспар жазуды үйрететін боламыз. Бұдан өзге, жыл соңына дейін олардың бастамасын сүйемелдейміз. Оқыту барысында заңгерлер тұрғындармен жұмыс жасап, ауыл халқының мәселелерін шешуде белсенділік танытуда, – дейді«Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту Қауымдастығының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Айман Ақынбекова.

Шынын айту керек, қазіргі таңда тұрғындар қаржылық сауаттылық арттыру курстарынан ақылы өтуде. Мамандар әр сағаты үшін айтарлықтай қаржы талап етеді. Ал «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ауыл халқын тегін оқытуда.

Осы орайда, партияның «Аш адамға балық емес, қармақ бер» деген аталы сөзін берік ұстанып отырғанын айта кеткен жөн. О баста жобаның мақсатын толық түсінбеген халық қазір өздері іздеп келіп, жобаға қатысу үшін өтініштерін білдіруде. Солардың бірі Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Маржанкүл Темірханова.

– Өзім көпбалалы анамын. Күйеуім екінші топтың мүгедегі. Бір басымда 7-8 несие бар. Банк алдындағы берешегім көп. Жасыратыны жоқ, кезінде несиені үй жөндеуден бөлек, балаларды киіндіруге дейін алдық. Мұның астарында қаржыны тиімді жұмсамауымның себебі де жатыр. Сондықтан «AMANAT»партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы хабардар болған соң оқудан өтпекке ниеттендім. Қазір бизнес-тренерлер мен заңгерлерден тиісті кеңестер алу үстіндемін, – дейді тұрғын М.Темірханова.

Айта кетейік, осы аптада облыстың 8 ауданында 470 азамат алғашқы оқуларын бастады. Оқу әр аптада 1 топты (топта 50-60 адам) қамти отырып, 7 ай бойы жүргізіледі.

Жоспарға сәйкес Жамбыл облысында 10 мыңнан аса адамды қамту көзделіп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.