A place where you need to follow for what happening in world cup

Жол саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіледі?

430

Жол саласындағы кадр тапшылығын шешу инфрақұрылымдық дамудағы маңызды бағыт. Бұл – автожол саласына тың жаңалықтар әкеліп, технологиялардың жетілуіне және саладағы жаңа серпілістердің келуіне мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, бүгінде жол құрылысы саласында мамандар тапшы. Ал, бұл мәселе жол-құрылыс маусымы қызып тұрған шақта өрши түседі.

Мемлекет басшысы елімізде білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігіне ерекше мән беріп, көп тірлікке тосқауыл болып тұрған проблеманы шешу қажеттігін атап өтті. «Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру қажет. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет», — деді Президент.

Қазіргі таңда «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығын шешу мақсатында «2000 мектеп» жобасын іске асыруда. Мақсат – болашақ талапкерлерге жол саласының бағыттарымен тұстарын түсіндіру, саладағы жұмыстың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін сипаттап, оқушылардың осы салаға деген қызығушылығын ояту. Акция аясында жолшылар мектеп оқушыларына автожол саласы туралы ақпарат беріп, оларды осы мамандықтың иесі болуға шақыруда. Атап өтерлігі, облыс орталығындағы барлық мектептер қамтылуда.

Десе де, саналы түрде жолшы мамандығын таңдауға, өз бағытын анықтауға ұмтылатын оқушылар мен студенттердің саны саусақпен санарлықтай. Нәтижесінде, бұл салада осы проблеманың әлі күнге түйіні тарқамай отыр. Өзгесін айтпағанда, Жамбыл облысының аумағында орналасқан «SineMidasStroy» компаниясында жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз. Бұдан бөлек, мердігер компанияларда қыс айында жұмыс тоқтайтыны белгілі. Міне, осының бәрі елдегі инфрақұрылымның дамуына, орындалатын жұмыстар мен жобаларды іске асырудағы сапа мен мерзімге өз әсерін тигізіп жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.