Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департамент басшылығының ұйымдастыруымен «Сотталғандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқарy жүйесі департаментіне қарасты № 58 түзеу мекемесінің аумағында өткізілді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департамент мекемелерінің аға инспектор психологтары, психологтары қатысты. Тақырыпты жан-жақты ашық талқылау мақсатында қонақ болып 5513 әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі капитан Сыдыков Берік Серикович; М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушы психологтары, магистрлар Абдрахманова Айгуль Турсунбаевна, Минасипова Айзат Рахметтулаевна тақырыпқа байланысты дайындап келген слайдтармен таныстырып, сотталғандардың арасында өзіне-өзі қол жұмсау белгілерімен және шығу жолдарымен қызметкерлерді ақпараттандырды. Сонымен қатар, № 58 түзеу мекемесінің аға инспектор психологы әділет капитаны Оспаналиева Рита Садуакасовна тақырып бойынша дәріс оқып, сотталған азаматтарға жүргізілген жұмыстары жайлы арнайы дайындалған слайд арқылы түсіндірмелі жұмыстар жүргізді. Яғни, «Сотталғандар арасында суицидті алдын алу» атты тақырыбқа өз көзқарастарымен бөлісіп, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын-алу үшін кандай әдіс-тәсілдер жүргізу тиімді екендігімен бөлісті.
Іс-шаранын нәтижесінде сотталған азаматтармен топтық және оқыту кездесулері үшін мекемелерге бару арқылы облыстық мекемелердің психологтарымен өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылданды.
Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық
жұмыс тобының бас маманы
әділет подполковнигі
Айгуль Танашева