A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды есепке алу» атты семинар өтті

190

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД N59 мекемесінде мекеме бастығы әділет полковнигі Р.Г.Уразметовтің басшылығымен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды есепке алу» атты семинар Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті атқарушы қызметі басқармасымен бірлесе өтті. Аталған мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Ж.А.Сулейманованың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті атқарушы қызметі басқармасының УПИҚҰТ ЕТЖ аға инспекторлары полиция подполковнигі Қ.Б.Ақболатов пен полиция подполковнигі Р.Б.Абишев қатысты. Семинардың мақсаты босатылатын азаматтарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау қағидаларын түсіндіре отырып, жоғарыда аталған босатылған негіздердің заң талаптарын бұзу фактілерін және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығу фактілерін болдырмау болды. Келген қонақтарға сотталған азаматтар сұрақтарын қойып жауаптарын алып жатты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.