A place where you need to follow for what happening in world cup

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жылдық жұмысы қорытындыланды

205

Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы өтті.

Облыстық филиалдың кезектен тыс басқосуына партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, сондай-ақ, партияның аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Шарада партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов ағымдағы жылы атқарылған жұмыстың есебін беріп, алда атқарылатын жобалардың барысына тоқталды.

Оның сөзінше, ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларындапартияның облыстық және аумақтық филиалдарына 4057 өтініш түсіп, оның 55%-ы оң шешімін тапқан. Бұдан өзге, 149 ауылдық округтердегі 351 елдімекенде ұйымдастырылған көшпелі қабылдауларда 4402 азаматтың мәселесі тыңдалған. Бұдан өзге, өңірде 86 ауылдық округтің әкімдері тікелей сайлауы өткен болса, олардың 77-сі партия мүшелері екен.

Сонымен қатар Дауыл Ынтықбайұлы баяндамасында аймақтағы бастауыш партия ұйымдары жұмысын ерекше атап өтіп, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» партиялық жобаларының нәтижелерін жеткізді.

– Біз Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындауға күш салатын боламыз. Партия билік пен қоғам арасындағы нақты жұмыс буыны болуы керек, өз сайлаушыларының мүдделерін қорғауы тиіс. Біз елдің дамуына өз үлесін қосқысы келетін, халықтың сеніміне ие адамдарды анықтап, ілгерілетуге тиіспіз, – деді Д.Бейсенқұлов.

Конференцияда сондай-ақ, Жамбыл облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының 2022 жылғы атқарған жұмысының де тыңдалды. Ол бойынша партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұқаш Ескендіров баяндама жасады.

Келелі басқосуда партия Хатшысы Дәулет Кәрібексөз тізгіндеп, ел аумағында «AMANAT»-тың 800 мыңға жуық мүшесі бар екендігін жеткізді. Ал Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 53 мыңнан асатынын тілге тиек еткен ол, бұл  – халықтың партияға деген сенімі екенін жеткізді.

Айта кету керек, конференцияда ашық дауыс беру арқылы Дауыл Бейсенқұлов «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.