A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер — алтын тұғыр

330

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару-жүйесi департаментiне қарасты №67 мекемесiнде мекеме бастығы әдiлет полковнигі Б.А.Сауранбаев ардагерлердi шақыртумен кіші басшы құрам арасында «Ардагерлік ақыл» атты кездесу өткiздi Бұл кездесу кіші басшы құрам қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қайратын, қызметiне адал ынтасын көтеру мақсатында, яғни ардагерлiк кеңес іс-шарасы ұйымдастырылды. Осы іс-шарада ардагерлер өздерiнiң Қылмыстық атқару-жүйесiнде қызметтерiн бастағанын, қызметте болған әрбiр есте қалар сәтi мен зейнетке шыққанға дейiнгi қызметтiк өткергенiн айтты. Сонымен қатар мекемеде қызмет атқарып жүрген жас қызметкерлер, яғни кiшi басшы құрамға қызметтерiн жеңiл, адал және батылдықпен атқаруларын, осыған сәйкес тергеу изолятордың дәрежесiн түсiрмей, атқарып жүрген қызметтерін абырой мен нәтижелі болуын, өсiп, өнiп, сапалы, ақылды азамат пен азаматша болуларын айтып және абыроймен зейнетке шығуларын тiледi.
Яғни мекемеде өткен іс-шара жас қызметкерлердiң ардагерлерге концерт ұйымдастырып ән айтылып және кіші басшы құрам қызметкерлер арасында мекеме бастығының марапаттауымен 10 айдын қорытындысы бойынша қызметiне мiнсiз, адал қарағаны үшiн қызметкерлерге «Алғыс хат» ұсынылып осылайша «Ардагерлiк- алтын тұғыр» атты ардагерлермен кездесуі өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.