A place where you need to follow for what happening in world cup

Студенттердің – FinIQ интелектісі жоғары

25 578

Достық үйінде өткен іс-шара 15 қараша – теңге күніне, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналды. Фойеде Ұлттық банк монеталары, сондай-ақ филиал мұражайының басқа да жәдігерлері арнайы көрмеге қойылды. Сондай-ақ банк жүйесінің ардагерлерімен және басқа да қонақтармен кездесу өтті.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Е.Шарыгин сала қызметкерлерін, жамбылдықтарды атаулы мерекемен құттықтап, еңбекте үздік шыққан облыстың қаржы жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы екінші деңгейлі банктердің Тараз қаласындағы филиалдарымен бірлесіп, Тараз қаласындағы оқу орындарының  студенттері арасында «FinIQ» интеллектуалдық ойынын өткізді. Қатысушының стратегиялық қадамдарын бағалап, ұпай жинау, логикалық ойлау элементтері, сондай-ақ қаржы-экономика, ұлттық валюта – теңге және т.б. саладағы танымдық деңгейін анықтайтын интелектуалдық жарысқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің командалары қатысып, бақ сынады.

Ойыншылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, екі турдың қорытындысы бойынша жетекші ойындар әр команданың жалпы ұпайларын жарияланды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «TARFIN» командасы ең көп ұпай жинап, «FinIQ» зияткерлік ойынының чемпионы деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдар мен марапатталды.

Дулати университетінің командасына «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, доцент Совет Қожабеков және кафедра ұжымы мен студенттерарнайы барып, қолдау көрсетті. Интеллектуалдық қабілеттерін барынша айқын көрсеткен ойыншылар Тараз қаласындағы банктердің біріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды.

Ойынның фавориті «TARFIN» командасының капитаны, «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Сухих Даниэльге Ұлттық және Jusan банктерден, HomeСreditBank-тен бір-бір сертификатын тапсырды. Ал 3 курс студенті Әділ Қалматов Нұрбанктің сертификатына қол жеткізсе, Жанайым Досмұханбет пен Шолпан Бекмұратова, Рамазан Иманов HomeСreditBank сертификаттарын алды.

Интеллектуалдық ойында жеңіске жеткен жеңімпаздарға енді аталған банктерде жұмысқа орналасам десе, жол ашық.

Жарыс соңында Дулати университеті ректорының міндетін атқарушы Г. Мұсабековаға, студенттердің жетекшілері, «Қаржы және есеп» кафедрасының доценттері Д. Мұратова, А. Молдабекова, А.Таңатоваға Ұлттық банк директорының Алғыс хаттары табыс етілді.

2

3

4

5

6

7

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.