A place where you need to follow for what happening in world cup

Абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту

286

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты №67 мекемесiндегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-аткару кодексінің 92 бабының 1 бөлігіне сәйкес шаруашылық жасағына қалдыралған сотталғандар мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 92 бабының 6 бөлiгiне сәйкес оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандар мекеме бастығымен бекiтiлген кестеге сәйкес ҚР кылмыстық-атқару кодексінің 121 бабы бойынша Сотталғандар кезектiлiк тәртiбiмен жұмыстан бос уакытта ұзактығы аптасына екi сағаттан аспайтын ақысыз жұмыстарға тарту іс-шаралары жүргiзiлуде. Атап айтканда камераларды, бөлмелердi және ортақ пайдаланылатын үй-жайларды абаттандыру бойынша, яғни негiзгi қоршауда және iшкi тыйым салынған аймақтың шегінен тыс жерде орналасқан инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдары бар обьектілерді қоспағанда, мекеменiң аумағын және оған iргелес жаткан аумақты абаттандыру және мәдени-тұрмыстық және санитариялық- гигиеналық тұру жағдайларын жақсарту бойынша ақысы төленбейтiн жұмыстарын жандандыру бойынша іс-шарасы АКАТЖжӘП бөлiмше қызметкерлерiмен ұйымдастырылды.

Меруерт Мыркалиева,

№67 мекемесінің тәрбие жұмысы жөнiндегi арнайы контингент арасындағы әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің инспекторы, әдiлет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.