A place where you need to follow for what happening in world cup

ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

404

Бізге ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі — ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.

Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу — екеуі екі бөлек нәрсе.

Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар; сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.

Айта кетейік, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Елемес Шалхар Дарханулы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.