A place where you need to follow for what happening in world cup

Достықты дәріптеген шара

25 913

Бүгін «Достық» үйінде Республика күніне орай «Әралуандылық арқылы бірлікке» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, мәдениетаралық диалогтың қазақстандық моделінің жетістіктерін көрсетуді мақсат еткен шара барысында көпшілік облыстағы этностардың мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ өңіріміз бен облыстық филармонияның этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, тоғызқұмалақ, арқан тарту, армрестлинг, дойбы, шахмат, гір тасын көтеру және басқа да спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Құрмаш Қаптағай

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.