A place where you need to follow for what happening in world cup

Тәлімгерлік — игі іс

304

Тәжірибе жинақтау , білім алу және тәлімгерлік — қызметкерлердің даму жүйесінің негізгі элементтері болып, табылады. Жалпы айтканда, ол мекемеде жеткілікті
жұмыс
тәжірибесі бар білікті маман, жаңадан келген
қызметкерлерге өзінің , білімі мен тәжірибесімен бөлісу, мекемеге
бейімделуіне көмектесетін жан. Қазіргі таңда КР ІIM PMM №67 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің технигі лауазымында қызмет атқарып жүрген С.М.Рахимова мен С.Б. Сарсенбаеваға тәлімгерлік қолдау көрсетіп жүрген , осы мекемеде кызмет атқаратын арнайы есеп бөлімінің бастығы Бекболатова Самал Бекболатқызы өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып жас буынның әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, мекемеге келген күннен бастап, қызметтік міндеттері мен нұскаулықтарымен таныстырып, жұмыстың қыр-сырын үйретіп, жаңа жерге бейімделуге, үлкен үлесін қосып, тәлім тәрбие беруде. Мекемедегі қызметтік өтілі 10 жылдан астам, терең ой мен парасаттың , сонымен қатар алар улгі мен мақтанар жетістіктері жетерлік тәлімгер. «Тәлімі жақсының -тәлімгері жақсы» демекші , ол кез келген жас маманның оңы мен солына бағыт сілтеп, жақсы мен жаманды саралап, білім мен тәрбие берер тәрбиеші, өз міндетін адал және мінсіз атқаратын жан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.