A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы тағайындалды

659
Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Умаров Ермек Қасымғалиұлы Жамбыл облысының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлына Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Латыпов Арсен Хасенұлын таныстырды.
Латыпов Арсен Хасенұлы Солтүстік Қазақстан облысында 1986 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Екі баланың әкесі.
2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығымен бітірді. 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетің «экология» магистрі атанып, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан метрология институты» РМК, ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсету зертханасының I санаттағы маманы болып бастаған. 2012-2014 жылдарда «Есіл экология департаментінде» және «Астана экология департаментінде» бас маман, 2014-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы лауазымында, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті экологиялық мониторинг басқармасының басқарма басшысы, 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары – Жамбыл облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды.
2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысы қызметін атқарып келеді.
13 қыркүйек күні сағат 11: 00-де Жамбыл облысының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы облыс басшылығының жалпы жиналысында Арсен Хасенұлын таныстырып, өңірдің экологиялық проблемаларын шешуде табыс және жемісті жұмыс тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.