A place where you need to follow for what happening in world cup

Министр баласының мектеп формасына қанша жұмсады?

161

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласына мектеп формасын сатып алу үшін қанша қаржы жұмсағанын айтты деп жазды turkystan.kz.

«Бүгін Үкімет отырысынан кейін менен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады. Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады.

Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын.

Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді» деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр баласының мектеп формасына қанша жұмсады?

Сондай-ақ ол министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өтті.

«Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді», – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.