Маржан Арапбаеваның жаңа образы желіде қызу талқыға түсті. Шамадан тыс боянған әншіні көпшілік танымай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маржан Арапбаева соңғы жылдары отандық шоу-бағдарламалардың төрін бермей жүр. Әнші «Егіз лебіз» шоуына актер Мейірғат Амангельдинмен бірге қатысты. «Қазақстан дауысы» және «Қазақстан дауысы. Балалар» жобаларында тәлімгерлік етті.
Өнер сапында белсенділік танытып жүрген әнші стилі мен образын да жиі ауыстырады. Әншінің бұл жолы сырт келбетіне жасаған тәжірибесі көпшілікке ұнамай қалды. Instagram оқырмандары бояудың шамадан тыс қолданылғанын айтып, Арапбаеваға сын тақты.
«Мына бояуды жуып тастаса, қалай болар екен», «Сонша боянып не болды, онсыз да әдемісің ғой», «Қуыршақ Барби сияқты болып қалдыңыз», «Адам осылай да өзгереді екен», — деп пікір білдірді оқырмандар.