Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Қазалы қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрады. Бұған байланысты іздестіру шаралары жарияланды. Оған аудандық полиция бөлімінен 70, төтенше жағдайлар саласынан 10 қызметкер қатысты. Сондай-ақ, 40 ерікті азамат пен аталған орталықтан 20 кызметкер іздеуге шықты.
«Бұл бағытта аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы нәтижелі жұмыс атқарды. Жоғалған жігіт аман-есен табылды. Сол әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы маңында жасырынып қалған», – деп мәлім етті аудандық полиция бөлімінен.