A place where you need to follow for what happening in world cup

Аягөзде археологтар қазба жұмыстары кезінде сақ қорымын тапты

121

Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылы маңынан сақтар кезеңіне жататын қорым табылды. Археологтардың сөзінше, қорымды бұған дейін біреулер тонап үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары қорымнан адамның шашылған сүйектері мен алтын әшекейлердің қалдығын тапты. Экспедиция мүшелерінің болжамынша, биіктігі 3, диаметрі 30 метрден асатын қорғанда ерте темір дәуірінде, яғни, шамамен 2700 жыл бұрын өмір сүрген сақ қолбасшысы жерленген болуы мүмкін. Ғани Омаровтың жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологиялық топ бұл маңнан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткішті анықтаған еді. Жас ғалымдардың пайымынша, сақ кезеңіне жататын қоныстың болуы да әбден мүмкін.

“Бұл жерден аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды. Бірақ толық сақталмаған. Зерттеу жұмыстары жалғасады, әлі де жақсы дүниелер шығады деген үміттеміз. Ескерткіштің сыртқы, жер беті, қабір шұңқырының құрылысы өзгеше. Шығыс Қазақстанда, Орталық Қазақстанда мұндай ерекше құрылыс бірінші рет кездесіп отыр. Тас плиталарды қырынан қойып жерлеу ескерткіші анықталып отыр”, – деді археолог Бауыржан Бесетаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.