A place where you need to follow for what happening in world cup

Дүниежүзі дабыл қағуда: Балаға құлаққап бермеңіз

104

Құлаққаппен әуен тыңдау құлақ ауруына әкеледі. Ал құлақ ауруы асқынған адам ерте қартаяды. Осылай дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары.turkystan.kz

ДДҰ-ның мұндай шешімге келуіне ғалымдардың дабыл қағуы себеп болды. Бұл салада біршама зерттеу жүргізген ғалымдар жастар, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің жаппай құлақ ауруына шалдығып жатқанын айтады. Ең қызығы сол – құлақ ауыратынын жасөспірімдердің өздері де байқамай жүре береді.

«Тыныш коалиция» ұйымының зерттеушісі, аудиолог Джен Мейс (Jan L. Mayes) пен доктор Даниел Финктің (Daniel Fink) айтуынша, шу адам денсаулығына зиян нәрселердің бірі. Ал балалар мен жасөспірімдер әлі құлағы таза, естуі мықты кезеңде құлаққаппен даңғырлатып әуен тыңдап, есту қабілетін ерте жастар құртып жатыр.

«Қалада тіршілік кешіп жатқан тұрғындар онсыз да шудың ортасында тұрып жатыр. Ағылып жатқан көлік, ойын-сауық, көңіл көтеру – бәрі шу. Мұның бәрі адам ағзасына әсер етпей қоймайды. Бұған тағы құлаққапты қосыңыз. Бұл – баланың құлағын білдіртпей ауруға шалдықтыратын құрал. Бала құлағының кеміп, семіп бара жатқанын өзі де байқамайды. Кесірі жылдар өткен соң шығады», – дейді Даниел Финк.

АҚШ денсаулық сақтау мәліметтеріне сүйенсек, елде 6-19 жастағы балалардың 13 пайызға жуығы, 20-69 жастағы ересектердің 17 пайызы құлақ кемістігіне шалдыққанын көреміз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығында айналадағы шу мен дыбыстың көлемі 85 децибелден аспауы тиіс делінген. Алайда ғалымдардың айтуынша, 85 децибел адамға өте зиян. Қалыпты дыбыс 70 децибелден аспауы тиіс дейді.

«Баланың құлақ кемістігіне шалдығуы үшін күніне 1 сағат 50 пайыздық дыбыс деңгейімен 5 жыл бойы құлаққаппен әуен тыңдағаны жеткілікті. ДДҰ мен АҚШ Ұлттық кәсіби аурулар институты 85 децибел дыбыстың адамға қауіпсіз екенін айтады. Бірақ балаға бұл өте зиян. Өйткені баланың өмірі әлі алда, оған өмір бойы құлағының аман болғаны керек. Ал ең қуатты шағында құлағынан айырылса, деменция ерте жастан басталады», – дейді Финк.

Сондықтан ғалымдар шу мен дыбыстың қалыпты нормасын қайта қарап, дұрыс нормалар енгізу қажет. Әрі көңіл көтеру мен ойын-сауық шараларын да соған сәйкес өткізуі тиіс.

Құлақ қалай бүлінеді?

Құлақтың ортаңғы бөлігінде сырттан келген дыбысты азайтып не көбейтіп, реттеп отыратын арнайы бұлшықет болады. Ол сырттағы дыбыс әлсіз болса, оны құлақ естіп, ми қабылдау үшін зорайтып, қатты дыбысты құлақ зардап шекпес үшін азайтып отырады.

Ал құлаққаппен әуен мен дыбысты жиі тыңдау осы бұлшықетті шаршатып жібереді. Содан құлақты қатты дыбыстан қорғай алмай қалады да, құлақ ауруы басталады.

Қартаю

Мамандардың айтуынша, бұл – ауқымды мәселе. Өйткені құлағы кеміс адамның қартаюы да қатар жүреді. Яғни құлағы естімеген сайын, мидың ақпарат қорытуы мен ойлау жүйесі нашарлайды. Содан қартаю басталады.

Бұған көбі мән бермейді. Өйткені құлағы ауырған не құлағының естуі нашарлаған адам бұл табиғи нәрсе не жас келе пайда болатын кемшілік деп ойлап жүре беруі мүмкін.

Ғалымдардың есебінше, қазіргі 40 жастағы адамдардың құлақ естуі бұрынғы 70-80 жастағы қарттардың құлақ естуімен бірдей.

Құлағы ерте жастан нашарлаған адамның картаюы да ерте басталады.

Адамның құлағы уақыт келе емес, аяқ астынан бұзылуы да мүмкін. Яғни, құлаққаппен күнде тыңдап жүрсем ғана құлағым кемиді десеңіз, қателесесіз. Құлаққа келген зиян жинала-жинала, бір мезетте ушығып кетуі мүмкін.

Ал құлақты аман сақтаймын десеңіз мына кеңесті есте ұстаңыз:

Айналадағы шу мен дыбысты 70 децибелден асырмаңыз;

Шулы жерде жүрсеңіз, құлақты бітеп алыңыз;

Құлақ сыр берсе, бірден дәрігерге қаралған жөн;

Дәрігерге жиі-жиі қаралып тұрыңыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.