Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолында «Ауди С4» маркалы автокөлікті тоқтатты.Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар салмағы 10 келіден асатын 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның кептірілген марихуана екені анықталды.aikyn.kz
«Күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалымен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны», — деп көрсетті Түркістан облыстық Полиция департаменті.