A place where you need to follow for what happening in world cup

LRT қаржысын жымқыру: Нұр-Сұлтанда күдіктілерге қатысты іс сотқа жіберілді

97

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып жүруіне байланысты прокуратура ҚПК-нің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Бұған дейін белгілі болғандай, прокуратураның жедел тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы болған Т.Н. Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.