A place where you need to follow for what happening in world cup

Степногорскте ағасын пышақтап өлтірген ер адам полицияға өз еркімен келген

96

Степногорскте психиатриялық есепте тұрған ер адам ағасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

10 тамызда полиция басқармасына келген ер адам өз ағасын өлтіргенін айтқан.

«57 жастағы ер адам үйінде болған кезде 59 жастағы ағасына пышақ жарақаттарын салғанын айтты. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ер адамның алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырғанын анықтады. Полиция басқармасы аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша тергеу бастады», – делінген хабарламада.

Күдіктінің 20 жылдан бері психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға орнында ас үй пышағы тәркіленді.

Тергеу шаралары кезіндле күдікті уақытша ұстау изоляторында болады. Сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамалар тағайындалған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.