A place where you need to follow for what happening in world cup

Маңғыстау тұрғыны мысығын адамша жерлеп, басына құлпытас орнатқан (ВИДЕО)

1 610

Бұл жағдай Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында болған деп хабарлады turkystan.kz.   

Куәгерлер мысық жерленген жерді видеоға түсіріп алған. Өлген жануардың иесі оған граниттен арнайы көктас дайындатып, суретін қашатқан. Тасқа «Маркиз» деп атын да жазыпты.  Айдалада жалғыз тұрған көктастың алдыңғы жағы ағаш қоршаумен қоршалған. Ал оның ішіне мысықтарға арналған азық салынған.

Өзге де әлеуметтік желі қолданушылар бұл жерді көргенін айтты.

Видеоның төменгі жағына «Саңырауқұлақ теруге барғанда біз де көрдік. «Мәәә!» дедім де қойдым. Адамдар әке-шешесіне көктас қоймайды ғой… Иесінің мысықты сонша кұрметтегеніне таңмын», «Біз де қасымызда 17 жыл жүрген мысығымызды жерледік. Қимадық. Сағынамыз. Анда-санда барып тұрамыз басына. Гүл қойдық. Көмерде қасына қорапқа ойыншықтарын, тағамдарын салдық» деген секілді пікірлер жазылған.

Соған қарағанда, мұндай жағдай өңірде бірінші рет болып тұрмағанға ұқсайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.