A place where you need to follow for what happening in world cup

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуына Бас мүфти неге келмеді?

121

Бүгін елордада елдегі және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды деп хабарлады turkystan.kz.

Құлшылық үйінің жұма күнгі ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келген жоқ. Осыған байланысты әлеуметтік желіде әркім әртүрлі болжам айтып жатыр.

Ал жаңадан ашылған мешітте оқылған бүгінгі жұма намазында имам дұғасына Бас мүфтиді де қоса кетті. Нақтырақ айтқанда, дін өкілі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тезірек сауығып кетуін тілеген.

Яғни, бүгінгі айтулы іс-шараға бас мүфти денсаулығына байланысты келе алмаған. Оның жағдайын байланысты нақты ақпарат әзірге жоқ.

Айта кетейік, мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Оның жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биіктігі – 130 метр.

Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.