A place where you need to follow for what happening in world cup

Көздің астындағы қара шеңбер неден пайда болады?

99

Дерматолог Екатерина Анчикова көздің астында қара шеңбер пайда болуы беттің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz News.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл кейбір жағдайда денсаулыққа қатысты проблемаларды білдіруі мүмкін. Маманның айтуынша, көздің астындағы қара шеңберлер қан айналымының немесе кеңейтілген тамырлардың бұзылуы салдарынан пайда болады. Сондай-ақ егер адам күрт салмақ жоғалтса, периорбитальды аймақтағы кішкене май қабаты одан сайын азайса, көз айналасында қара шеңбер пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар маман созылмалы ұйқы жетіспеушілігінен және қатты стрестен, паразиттік инфекциялардан, ішкі ағзалардың ауруынан пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Дерматолог мұндай жағдайда дәрігерге баруға кеңес берді. Сондай-ақ темекі шегу, алкоголь, ұйқысыздық, эмоционалды және физикалық стресс, салмақ жоғалту сияқты зиянды әдеттер өмір сүру салтыңызда болса, әрекетке көшу керек екенін айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.