A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті

94

Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар баланың өліміне қатысты жантүршігерлік оқиға 12 тамыз күні болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Сәбидің анасы үлкен ұлын балабақшаға жіберу барысында бүлдіршін шағын автобусқа тым жақын тұрған. Қозғалыстан кейін бала дөңгелектердің астына түсіп қалған.

Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мұндай жағдайлар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.