A place where you need to follow for what happening in world cup

Қан қысымын дәрісіз қалай түсіруге болады? – маман кеңесі

69

Кардиолог дәрігер Анна Кореневич медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған жағдайда қан қысымын қалай түсіруге болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Маман көбінесе қысымның 140/90 -дан жоғары көтерілуі психоэмоционалды стресске байланысты екенін атап өтті. Сондықтан мұндай жағдайда ең алдымен эмоцияны басқара білген жөн деп есептейді.

Кореневич қан қысымы жоғары адамдарға жалбыз қосылған жылы шай көмектесетінін айтады.

«Физикалық белсенділік, яғни, жылдам жүру немесе жүгіру арқылы қан қысымын қалыпқа келтіруге болады. Сонымен қатар тыныс алу жаттығулары мен медитация жасау, аяқты жылы суға салу да денсаулығыңызға оң ықпалын тигізеді», –  деді кардиолог маман.

Дәрігердің айтуынша, дәрі-дәрмекті қабылдар алдында оның құрамын оқып, білікті маманның кеңесіне сүйенген абзал.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.