A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматыда компания басшысы 78 тонна дизель отынын заңсыз сатпақ болған: Сот үкімі шықты

114

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталған.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.