A place where you need to follow for what happening in world cup

Өскеменде экологтар әкімдікті сотқа берді

66

Өскеменде қоғам белсенділері әкімдікті сотқа беріп, қауіпті аймақтарды оқшаулауды талап етті. Олар бұл мәселені көтергендеріне 10 жыл болғандарын, алайда радиациялық қауіпті орындарды ешкім қоршап, ескерту белгілерін орнатпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

«Радиоактивті орындармен кім шұғылданатынын бір жылдан бері шеше алмай келеміз. Енді мен заң аясында кадастр бөліміндегі ақпаратқа қол жеткізуді көздеп отырмын», – деді құқық қорғаушы Алексей Божков.

Белсенділер 10 жылдан бері бұл мәселені көтеріп келеді екен. Қазірге дейін қауіпті 500 жер телімі анықталған.

Өткен ғасырдың 40-жылдарында металлургиялық қалдықтар, соның ішінде уран зауыттарындағы қалдықтар төгілген. Залал келген топырақтың бір бөлігін Курчатовтағы арнайы қоймаға шығарған. Алайда соңына дейін жеткізілмеген. Экологтардың сөзінше, облыс орталығында әлі 8 қауіпті аймақ бар. Жаңа экологиялық кодекс нормасына қарай бұл мәселеге енді қала басшылығы жауапты.

«Егер қала әкідігі мұндай ұсыныс енгізсе, ол табиғатты қорғау шараларының жоспарына қосылады. Жаңа экологиялық кодекске сәйкес, атмосфералық ауадағы қауіпті заттардың үшін эмиссия аймақта қалып, тек табиғат қорғау шараларына жұмсау керек», – деді ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталығының басшысы Геннадий Корешков.

Қаладағы экогиялық мәселелерді шешу үшін 20 миллиард теңге қарастырылған. Алайда жұмыстар тізімінде қауіпті жер телімдері бірінші орынға қойылмаған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.