A place where you need to follow for what happening in world cup

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызмет иеленді

67

10 тамызда өткен Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Қауымдастықтың бақылау кеңесінің төрағасы болып Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев сайланды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқырманға түсінікті болуы үшін айта кетейік, 2022 жылғы 1 маусымда Бақытжан Сағынтаев Экономика және қаржы саясаты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі (Министрі) лауазымына тағайындалған.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының – Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Еске салайық, 58 жастағы Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 28 маусымы мен 2022 жылдың 31 қаңтары аралығында Алматы әкімі қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ол «басқа жұмысқа ауысуына» байланысты бұл қызметтен босатылған. Сол уақыттан бері Алматының жаңа әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды.

Енді Сағынтаевтың міндетіне Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде кәсіпкерлікті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызмет иеленді

Сондай-ақ 10 тамыз күні болған отырыста SLC-Rus компаниясының негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының президенті болып сайланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.