A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әбу-Даби Плазадағы» Qazaqstan жазуы неге өшіріліп жатыр?

67

Нұр-Сұлтанда «Әбу-Даби Плаза» көпфункционал кешені ғимаратындағы Qazaqstan жазуы өшіріліп жатыр. Компания әкімшілігі себебін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір жазуды ғимараттың оңтүстік жағынан өшіруге кіріскенін көруге болады.


Суреттер: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

«Qazaqstan жапсырмасы бір жыл бұрын жапсырылған, қазір материал жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты жапсырманы демонтаждап жатырмыз. Мұндай көлемдегі жапсырмаларға бірнеше күн кетеді (сондай-ақ мұндай материалдарды орнату да бірнеше күнді алады)», — деді «Әбу-Даби Плаза» PR бөлімі өкілдері.

Qazaqstan жапсырмасы Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимаратта 2021 жылдың маусымында пайда болған еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.