A place where you need to follow for what happening in world cup

«Вирусты ғана емес, билігін де жоямыз»: Ким Чен Ынның әпкесі Оңтүстік Кореяны вирус таратуда деп айыптады

107

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның әпкесі Ким Е Чжон Оңтүстік Корея үкіметін парақшалар арқылы коронавирус инфекциясын таратып жатыр деп айыптап, оларды түп тамырын жоюға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

КХДР президентінің әпкесі Оңтүстік Кореяны бопсалауда. Оның айтуынша, Сеул олардың аумағына коронавирус жұқтыртатын үгіт-насихат парақшаларын таратып жатыр.

«Егер жау елімізге вирус әкелетін қауіпті әрекеттерді жалғастыра берсе, біз вирусты ғана емес, Оңтүстік Корея билігін де жою арқылы жауап береміз», – деді ол.

Ким Йе Джон ағасы Ким Чен Ынның елде COVID-19 індеті кезінде дене температурасының көтеріліп ауырғанын да айтты. Алайда оның нақты қай кезде болғанын айтпады.

Айтуынша, КХДР босқындары бар оңтүстіккореялық белсенділер Солтүстік Корея аумағына шарлармен үгіт-насихат парақшаларын үнемі ұшырып отыратын көрінеді. Пхеньян Сеул ел тұрғындарына ауру жұқтыру үшін әдейі вирус шаштырып жатыр деп мәлімдеді.

Еске салсақ, Солтүстік Кореяда коронавирустың өршігені туралы хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.