Дәл қазір Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтуде.
Баяндамасында аймақ басшысы облыстың өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында айтып, салалардағы көрсеткіштерге тоқталуда.
– Халықтың әл-ауқаты ауыл шаруашылығына байланысты. Сондықтан ондағы нәтижелі жұмыспен қамтуды 2000-ға, оларға мемлекет тарапынан берілетін қаржы сомасын 8 млрд. теңгеге жеткізу керек.
Биыл кем дегенде 70 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруымыз керек.
Биыл кем дегенде 21 млрд теңге субсидия берілетін болады, – деді Б. Сапарбаев өз сөзінде.