A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлия Назарбаеваның берілетін түрі жоқ

95

Атышулы Әлия Назарбаева әлі күнге дейін утиль алымнан түскен ақшаның қызығын көріп келеді. Бұдан бөлек ол Қазақстандағы қоқыс жинаумен әрі өңдеумен айналысатын компаниялардың қожайыны.

Бұл туралы “Гиперборей” арнасына сұхбат берген белгілі журналист Дмитрий Шишкин айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Dalanews.kz порталына сілтеме жасап. 

Журналистің айтуынша, Жаңа Қазақстан орнай сала утиль алымды алып тастауды талап еткен белсенділердің әрекеті зая кеткен.

Әлия Назарбаева әрбір утильденген көліктен өзінің “Жасыл даму” компаниясы арқылы 130 мың теңге табыс тауып отыр. Қаңтар қырғынынан кейін утиль алымға бақылау жүргізетін пәрменінен айырылған Назарбаева көлікті утилизациялау механизмі мен оны әрі қарай темір-терсекке өткізудегі ықпалын сақтап қалған.

Ол елдегі полигондарды, қоқыс өңдейтін зауыттарды уысынан шығармай ұстап отыр. Алысқа бармай-ақ, Астананы мысалға алайықшы.

Елордадағы қоқыс өңдеу саласын Назарбаеваға тиесілі Green Future Managеment компания меншіктеп алған.

Әлия осы компанияның жалғыз құрылтайшысы. Green Future -ден тарайтын тағы сегіз компания бар. Олар да Елбасының қызына тиесілі. Бұлар Қазақстандағы қоқыспен байланысты барлық жұмысты атқарады. Қоқысты жинау, өңдеу, қоқыс таситын полигондарына дейін бар.

Назарбаева тек Нұр-Сұлтан қаласымен ғана шектелмеген. Астанадан тыс жерде, өзге өңірлерде де оған тиесілі компаниялар жетіп артылады”, – дейді Шишкин.

Бұдан бөлек Елбасының ерке қызы өзіне қарасты қор арқылы “Халықаралық жасыл технологиялар орталығын” су тегінге (5 млн теңге, ред.) сатып алған. Әріптесіміздің айтуынша, орталықты “асырауға” мемлекет есебінен соңғы екі жылда 1 млрд. 600 млн теңге бөлінген.

Екі жылдың ішінде ұйымның бітірген ісі шамалы. Орталық мамандары болашақ ұрпаққа арнап экологияға қатысты баяндамалар әзірлеген, – дейді Шишкин.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.