Қазақстандық Жансая Әбдімәлік Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші тақтада өз құрамасының ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық — Бибісара Асаубаева екінші тақтада төртінші болды.
Қазақстандық ерлер құрамасының өкілдері үздік бестікке кіре алмады.
Еске салайық, қазақстандық шахматшылар жалпы есепте жеңіске үмітті болғанымен, турнирді бесінші орында аяқтады.