A place where you need to follow for what happening in world cup

Саран қаласында танкке «Z» белгісін қойған тұрғын жеті тәулікке қамалды

72

Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны танкке «Z» белгісін қойғаны үшін жеті тәулікке қамауға алынды. Тиісті қаулыны Саран қалалық соты шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалды Саран қалалық соты қарады. Құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық, яғни тұрғын үй-жайларды бүлдіру және айналасына құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке адамдардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» бойынша айып тағылған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды Саран қаласының полиция бөлімі дайындады. 29 шілде күні сағат 04:11 шамасында құқық бұзушы қоғамдық жерде, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының батырларына арналған орында танк ескерткішінің мұнарасын «Z» белгісімен бояған. Сот 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулы шығарды», — деп хабарлады Саран қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ соттың хабарлауынша ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Сот қаулы шығарған кезде кінәлінің жеке басын, құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, кінәсін мойындауын және жасаған әрекетіне өкінуін, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.