A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоқыс шығару жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды

123

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоқыс шығару жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау әкіміне сөгіс жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

9 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңес өткізіп, облыс қалалары мен аудандарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар шығару және санитарлық тазалық мәселесін қараған. Соңғы уақытта ақтаулықтар тарапынан шашылған қоқысқа қатысты шағымдар артқан. Оны өңірге келетін туристер мен жергілікті жұртшылық шашатын көрінеді.

Қазір тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы қалаға жақын маңда орналасқан Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындарын да алаңдатып отыр. Жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкіміне, оның орынбасарына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.